Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу ойындары өтті. Оған «Жұлдыз», «Ялян», «Алатау», «Арыстан», «Бақорда», «Қырғауылды», «Кенжехан», «Арлан», «Алтын орда», «Саламат», «Барыс», «Байсат», «Қазына», «Тастақ» және тағы басқа сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан құралған 16 команда қатысты. Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» Жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес «Social project management» орталығы» қоғамдық қорына жүктелді. Турнир екі алаңда қатар өтті. Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда 4 топқа бөлініп, өзара айналма ойындарын өткізді. Бір топта әр команда үш ойыннан өткізіп, ең жоғары ұпай жинаған 2 команда…
Автор: au_admin
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты,- деп хабарлайды rus.adildikuni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. – Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді, – деді Президент. Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды. Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің…
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы АҚШ-тың Michigan State University (MSU) делегациясымен кездесті. Кездесу барысында тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және академиялық тәжірибе алмасу бағыттарын талқылады. Университет басшылығы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту білім мен ғылым саласындағы өзара байланысты нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өтті. MSU делегациясы құрамында халықаралық зерттеулер және бағдарламалар жөніндегі вице-провост, декан Титус Авокусе, халықаралық зерттеулер жөніндегі қауымдастырылған декан Амита Чудгар, Visiting International Professional Program директоры Синьюй Ву, Еуропалық және Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры Володимир Тарабара, сондай-ақ Asia Hub зерттеулер жөніндегі қауымдастырылған директоры Яду Покрел болды. Кездесу аясында…
Мәскеу қаласы Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарының мазмұнына айрықша мән берді, — деп хабарлайды rus.adildikuni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Президенті дәстүрлі қонақжайлық танытқан Владимир Путинге алғыс айтып, Ресей халқын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады. – Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сізбен Мәскеуде жүздескеніме қуаныштымын. Бұл «көзіміз жасқа толып» қарсы алатын мереке. Өйткені адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста опат болған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Кеңес өкіметі Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан алпауыт ел болып шықты. Біріккен Ұлттар ұйымын құрушылардың біріне айналды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Ардагерлерімізді ардақ…
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды, — деп хабарлайды rus.adildikuni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.
Мәскеу, Ресей Мемлекет басшысы Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери шеруді көрді,- деп хабарлайды rus.adildikuni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.
Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды rus.adildikuni.kz тілшісі. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Нұрлыбек Машбекұлы жаңа лауазымға кірісіп, бұған дейінгі қызметінен босатылды. Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі бойынша аграрлық және заң салаларын меңгерген. Сонымен қатар Ресейдегі мемлекеттік басқару академиясында білімін жетілдірген. Еңбек жолын 1997 жылы мұнай өнімдері саласында сарапшы ретінде бастаған. Кейін жеке секторда басшылық қызметтер атқарды. Мемлекеттік қызметтегі мансабында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, Қызылорда қаласының әкімі секілді маңызды қызметтерді атқарған. Сондай-ақ Үкімет құрылымында өңірлік даму бағыты бойынша жауапты қызметте болды. 2022 жылдан бастап Қызылорда…
Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басты бағыттары және Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында іске асырылатын жобалар жайында баяндалды,- деп хабарлайды rus.adildikuni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сондай-ақ Президентке ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдемені әзірлеу жұмыстарының аяқталғаны туралы айтылды. Құжат экономика саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша интеграциялық бірлестік елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
Алматы қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қолға алған Defense Tech жобасы таныстырылды,- деп хабарлайды rus.adildikuni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Defense Tech бастамасы Қарулы Күштердің және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін отандық технологиялық шешімдерді анықтау, іріктеу және жедел дамыту жөніндегі инновациялық экожүйе құруды көздейді. Жоба аясында инновациялық командалармен және ғылыми-техникалық ұйымдармен тұрақты жұмыс механизмі қалыптасады. Astana Hub алаңында Defense Tech үйлестіру кеңсесі ұйымдастырылған. Бұл Қорғаныс министрлігі, технологиялық кәсіпкерлер, ғылыми ұйымдар және индустриалдық серіктестер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бастаманы ілгерілету аясында Алматыдағы Армия Үйі базасында мультифункциональды инновациялық хаб – Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды. Мұнда отандық…
Алматы қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді. Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады,- деп хабарлайды rus.adildikuni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды. Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі. Сондай-ақ Президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Олар реттелетін, ашық…