Close Menu
    Facebook X (Twitter) Instagram
    «Әділдік үні» ақпараттық агенттігі
    • Басты бет
    • Аймақ
    • Әлем
    • Қоғам
    • Саясат
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Спорт
    • Технология
    • Adil media
    Facebook X (Twitter) Instagram
    «Әділдік үні» ақпараттық агенттігі
    Home»Adil media»Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
    Adil media

    Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

    au_adminBy au_admin05.05.2026Updated:13.05.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Алматы қаласы

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді. Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады,- деп хабарлайды  rus.adildikuni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды. Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі.

    Сондай-ақ Президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Олар реттелетін, ашық және ауқымды цифрлық активтер экожүйесін құруға, инфрақұрылымды (крипто хаб) дамытуға және халық пен бизнеске қызметтердің толық спектрін ұсынуға бағытталған. Цифрлық активтер нарығын дамыту аясында Қазақстан қор биржасында (KASE) токен түрінде қаржы құралдарын шығару қарастырылып жатыр.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді. Атап айтқанда, KEDEN бірыңғай цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландыруға және жетілдіруге, сауда барысы мен шекарадан өтуді жеңілдетуге арналған.

    Ал SmartCargo – кеден, көлік, Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, фармацевтикалық және сауданы реттеу сервистерін біріктіретін логистикалық қызметтердің бірегей цифрлық терезесі. National Road Geoportal (KazMaps) мониторинг пен инфрақұрылымға арналған Қазақстан автожолдарының цифрлық картасын ұсынады.

    Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын бақылау секілді цифрлық шешімдермен танысты. Сонымен қатар Президент Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.

    GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 көрмесіне 600-ден аса халықаралық компания, соның ішінде Cisco, Cloudflare, Google Cloud, Huawei, Dell, H3C Technologies, Lenovo, Trend Micro, Hikvision, HP, Noventiq, Redington, Salesforce, Vertiv және басқа да әлемдік технология көшбасшылары қатысуда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    au_admin
    • Website

    Related Posts

    Футбол турнирі: базар жастарының үздіктері белгілі болды

    01.06.2026

    Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

    13.05.2026

    QyzPU мен Michigan State University серіктестікті нығайтуда

    12.05.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
    Спорт

    Футбол турнирі: базар жастарының үздіктері белгілі болды

    By au_admin01.06.20260

    Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу…

    Adil media

    Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

    By au_admin13.05.20260

    Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты,- деп…

    Ақпарат
    • Біз туралы
    • Сайт тәртібі
    • Байланыс

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    © 2026 ThemeSphere. Designed by ThemeSphere.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.