Close Menu
    Facebook X (Twitter) Instagram
    «Әділдік үні» ақпараттық агенттігі
    • Басты бет
    • Аймақ
    • Әлем
    • Қоғам
    • Саясат
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Спорт
    • Технология
    • Adil media
    Facebook X (Twitter) Instagram
    «Әділдік үні» ақпараттық агенттігі
    Home»Adil media»Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
    Adil media

    Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

    au_adminBy au_admin01.05.2026Updated:13.05.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын 1 мамырда атап өтілетін Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтінін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, — деп хабарлайды rus.adildikuni.kz тілшісі.

    Құрметті отандастар!

    Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам. Бірлік күні халқымыздың тілектестігі мен ауызбіршілігі, өзара сыйластығы мен құрметі, отаншылдығы мен перзенттік сүйіспеншілігі кеңінен дәріптеледі.

    Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – бәрімізге ортақ игілік.

    Дана халқымыз «Татулық – таусылмас бақыт» деп бекер айтпаған. Біз – бейбіт заманның қадірін білетін, айналасына жанашырлықпен қарайтын, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын елміз. Бұл – біртұтас ұлтымыздың болмысына тән қасиет. Біз осы бірегей дәстүрді көздің қарашығындай сақтап қалуымыз керек.

    Біздің көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, тілегіміз – бір. «Бірлігіміз – әралуандықта» формуласы мемлекеттік саясат пен азаматтарымыздың күнделікті өмірінің өзегіне айналды.

    Сондықтан біз бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын жаңа Конституцияның преамбуласында нақты көрсеттік.

    Бұл – Қазақстан халқының саналы түрде жасаған таңдауы. Себебі азаматтарымыз баршаға бірдей құқықтар мен мүмкіндіктер беретін елде, әділ, тұрақты және бақуатты қоғамда тұруды қалайды.

    «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы еліміздегі ауқымды жаңғыру үдерісінің арқауы ретінде осы биік мақсатқа жетуімізге кепіл болмақ.

    Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір. Бұл –Қазақстан халқының сарқылмас күш-қуаты мен отаншылдық рухының айқын көрінісі. Біз бәріміз бір ел болып жұмылып, өсіп-өркендеу жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге кәміл сенемін.

    Қымбатты отандастар, баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    au_admin
    • Website

    Related Posts

    Футбол турнирі: базар жастарының үздіктері белгілі болды

    01.06.2026

    Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

    13.05.2026

    QyzPU мен Michigan State University серіктестікті нығайтуда

    12.05.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
    Спорт

    Футбол турнирі: базар жастарының үздіктері белгілі болды

    By au_admin01.06.20260

    Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу…

    Adil media

    Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

    By au_admin13.05.20260

    Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты,- деп…

    Ақпарат
    • Біз туралы
    • Сайт тәртібі
    • Байланыс

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    © 2026 ThemeSphere. Designed by ThemeSphere.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.