Close Menu
    Facebook X (Twitter) Instagram
    «Әділдік үні» ақпараттық агенттігі
    • Басты бет
    • Аймақ
    • Әлем
    • Қоғам
    • Саясат
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Спорт
    • Технология
    • Adil media
    Facebook X (Twitter) Instagram
    «Әділдік үні» ақпараттық агенттігі
    Home»Adil media»Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады
    Adil media

    Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

    au_adminBy au_admin13.05.2026Updated:13.05.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты,- деп хабарлайды  rus.adildikuni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

    – Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді, – деді Президент.

    Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды.

    Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор.

    Қазақстан Президенті мен Бразилия Сыртқы істер министрі энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективасын талқылады.

    Мемлекет басшысы халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелерінде өзара күш біріктірудің маңызына тоқталды. Бұдан бөлек, БҰҰ және оның құрылымдарын реформалау жайы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал қарастырылды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом қуатын МАГАТЭ бақылауымен тек бейбіт мақсатта пайдалануға бейіл екенін растады. Кездесуде еліміз ядролық қаруды таратпау бойынша халықаралық аренада зор сенімге ие екені айтылды. Сонымен қатар елімізде ядролық материалдарды қауіпсіз пайдалануға қажетті инфрақұрылым, сарапшылық және ғылыми-техникалық база қалыптасқан. МАГАТЭ-нің аз байытылған уранды сақтайтын әлемдегі жалғыз банкі Қазақстан аумағында орналасқан.

    Мемлекет басшысы еліміз ізгі ниет таныта отырып, Ирандағы ядролық проблематиканың шешілуіне септігін тигізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін тиісті халықаралық уағдаластыққа қол жеткізіліп, аталған мәселе нақты іске ұласуы қажет.

    Adildikuni Әділдік үні
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    au_admin
    • Website

    Related Posts

    Футбол турнирі: базар жастарының үздіктері белгілі болды

    01.06.2026

    QyzPU мен Michigan State University серіктестікті нығайтуда

    12.05.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

    11.05.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
    Спорт

    Футбол турнирі: базар жастарының үздіктері белгілі болды

    By au_admin01.06.20260

    Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу…

    Adil media

    Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

    By au_admin13.05.20260

    Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты,- деп…

    Ақпарат
    • Біз туралы
    • Сайт тәртібі
    • Байланыс

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    © 2026 ThemeSphere. Designed by ThemeSphere.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.